Мектеп кітапханасының жылдық жұмыс есебі 2024-2025 оқу жылы » «Alan International School»
«ALAN International School»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:200240016788
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 222-67-77
Есепші бөлімі:
+7(701) 222-67-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп кітапханасының жылдық жұмыс есебі 2024-2025 оқу жылы
04
маусым
2025

Мектеп кітапханасының жылдық жұмыс есебі 2024-2025 оқу жылы

   2024-2025 жылы кітапхананың негізгі қызметі оқырмандарға сапалы ақпараттық және әдеби қызмет көрсету, оқу-тәрбие үдерісін қолдау және кітап қорын жетілдіру бағытында жүргізілді. Жылдық жоспарға сәйкес барлық негізгі іс-шаралар уақтылы орындалды. Оқу кабинеттері заманауи интерактивті және компьютерлік техникамен жабдықталған. Электрондық кітапхана білім беру ұйымының басшысы бекіткен Ереже негізінде жұмыс істейді. Кітапхана қорын жаңарту және толықтыру үшін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жауап береді.

  Оқу әдебиеттерін сақтауға арналған қойма бар. Қойманың жалпы ауданы – 137,1 шаршы метр. Жалпы кітап қоры – 6502 дана. Негізгі қор – 18 000 дана, оқу қоры – 11 498 дана. Оқу әдебиеттерінің саны білім алушылар контингентіне сәйкес келеді.

  Кітапхана жұмысы тексерілген кезде нормативтік құжаттардың талаптарын орындау, кітап қоры, қорды жаңартуға бөлінетін қаражат көлемі, қосымша әдебиеттермен қамтамасыз етілуі және білім беру процесіне қажетті әдебиеттермен қамтылу деңгейі зерттелді.


2. Қор құрамын зерттеу және жаңарту

Оқу жылы

Мектептегі оқулықтар саны

Оқушылар саны

Бір оқушыға шаққандағы оқулықтар саны

2024–2025

11400

390

20

  • Мемлекеттік тілдегі әдебиеттер – 1500 дана
  • Электрондық оқулықтар – 20 атау
  • Мемлекеттік тілдегі оқулықтар – 5000 дана
  • Энциклопедиялар, анықтамалықтар, сөздіктер – 4500 дана (мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде) 

  2024–2025 оқу жылындағы білім алушылар контингентіне сәйкес 100% оқулықпен қамтамасыз етілді. Оқу жылының басында кітап қоймасында бар оқулықтар таратылып, қамтамасыз етілу пайызы мынадай болды: ...


№ 

Сыныптар

«Оқулықтармен қамтамасыз етілу пайызы» %

1

1

100%

2

2

100%

3

3

100%

4

4

100%

5

5

100%

6

6

100%

7

7

100%

8

8

100%

9

9

100%

10

10

100%

11

11

100%

  • Қоймада оқулықтар сөрелерде сыныптар мен пәндер бойынша реттеліп орналасқан. Мектеп атриумында, кітапханада және оқу кабинеттерінде оқырман бұрыштары орналасқан, мұнда кез келген оқушы өз кітабын әкеліп, басқа кітаппен алмастыра алады (буккроссинг). Мұғалімдерге арналған формулярлар электрондық бағдарлама арқылы жүргізіледі, онда оқырмандарға берілген оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер туралы жазбалар бар. Әр сыныпқа арналған оқулықтарды есепке алу ведомосы жүргізіледі, онда алынған және тапсырылған оқулықтар саны тіркеледі. Барлық оқулықтарда мектеп мөрі және инвентарлық нөмірлер бар. Сынып жетекшілер жыл сайын әр оқушыға берілген оқулықтардың атауы мен нөмірін көрсететін ведомость жасайды. Оқулықтардың сақталуын тексеру мақсатында жылына екі рет рейд жүргізіледі. Барлық мұғалімдер мен оқушылар кітапханалық қызметпен қамтылған. 

  • 100 электрондық тасымалдағыштағы оқулық бар. Мектеп сайтында оқушылар оқитын барлық оқулықтар орналастырылған. Кітапхана жұмысы үнемі бақылауда – жауапты қызметкер директор жанындағы жиналыстарда және әкімшілік жоспарлы жиналыстарда есеп береді.

  • Кітапхананың қорын зерттеу және қолдану талдауы жыл бойы жүргізілді.

  • Маусым және желтоқсан айларында мазмұны ескірген оқулықтар мен әдебиеттер есептен шығарылды.
  • Жаңа түскен кітаптар қабылданып, техникалық өңдеуден өтті, есепке алынды және стеллаждарға ретімен орналастырылды.
  • Кітаптардың сақталуы тұрақты түрде бақыланып, тоқсан сайын оқулықтардың сақталуына рейд жүргізілді.

3. Оқу-тәрбиелік үдерісті қамтамасыз ету

  • Оқырмандарға кітапхана пайдалану ережелері үнемі түсіндіріліп отырды.
  • Жаңа түскен баспалар мен кітаптар туралы ақпараттар жүйелі түрде жеткізіліп, кітап көрмелері ұйымдастырылды.
  • «Оқуға құштар мектеп» және «Балалар  мектеп кітапханасы» бағдарламалары бойынша белсенді жұмыс атқарылды.
  • Оқырмандарға (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар) үздіксіз қызмет көрсетілді.


4. Қормен жұмыс

  • Кітаптар бөлімдері бойынша (ББК жүйесі) жыл бойы орналастырылды, алфавиттік тәртіп сақталды.
  • Қордың орналасуы ай сайын тексеріліп отырды.
  • Мазмұны ескірген кітаптар жыл соңында сүзгіден өткізіліп, сөреден алынды.
  • Мерзімді басылымдар тұрақты түрде тігіліп, жүйелі орналастырылды.

5. Оқырмандарға қызмет көрсету

  • Күнделікті жұмыс орны дайындалып, оқырмандар электронды картотекаға жазылды.
  • Оқырмандармен әңгімелесу және консультациялар тұрақты түрде жүргізілді.
  • Қарыз оқырмандардың тізімі ай сайын жаңартылып отырды.
  • Кітап көрмелері мен тақырыптық сөрелер күнделікті толықтырылып отырды.


6. Педагогикалық ұжыммен жұмыс

  • Мұғалімдерге жаңа оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер туралы ақпарат берілді.
  • Оқу жылына дайындық кезеңінде пән мұғалімдерімен ақпараттық кеңес өткізілді.
  • Пән апталықтары мен сынып сағаттарына арналған әдебиеттер мен мерзімді басылымдар таңдалды.


7. Оқырмандармен жеке жұмыс

  • Оқу әдебиеттері оқушыларға қыркүйек-тамыз аралығында берілді.
  • Жас ерекшеліктеріне сәйкес көркем әдебиеттер ұсынылды.
  • Оқырмандардың кітапханадағы тәртібі мен кітап оқу мәдениеті үнемі түсіндірілді.
  • Қарыздар мен қайта тіркелген оқырмандармен жұмыс жүргізілді.


8. Біліктілікті арттыру мен кәсіби даму

  • Қалалық және мектеп кітапханашыларымен әдістемелік байланыс орнатылды.
  • Заманауи кітапханалық технологияларды жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
  • Кітапханалық ақпараттық қызмет түрлері кеңейтіліп, сапасы арттырылды.


9. Көпшілік іс-шаралар

  • Жыл бойы ай сайын және мерекелік күндерге арналған кітап көрмелері ұйымдастырылды.
  • «Оқуға құштар мектеп», «Балалар кітапханасы» жобалары аясында түрлі стендтер мен бұрыштар жасалып, іс-шаралар өткізілді.
  • Әртүрлі тақырыптар бойынша ақпараттық сағаттар, дөңгелек үстелдер, кітап оқу акциялары тұрақты түрде өткізілді (мысалы, Абай Құнанбайұлы, Сәкен Сейфуллин, Фариза Оңғарсынова, Тәуелсіздік күні т.б.).


10. Қиындықтар мен шешімдер

  • Қаржылық шектеулер жаңа кітаптар мен басылымдарды толық алу мүмкіндігін кейде тежеді, бірақ оқырмандардың қажеттіліктері ескеріліп, басым бағыттар бойынша кітап қорын жаңарту жалғасты.
  • Оқырмандар белсенділігін арттыру мақсатында түрлі танымдық және шығармашылық іс-шаралар көбейтілді.


11. Қорытынды

Жылдық жоспардағы барлық тапсырмалар сапалы әрі уақтылы орындалды. Кітапхана оқу-тәрбие үдерісін тиімді қолдап, оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруда белсенді жұмыс атқарды. Алдағы жылы жаңа технологияларды енгізу және кітап қорын одан әрі жаңарту жоспарлануда.


Кітапханашы: Cайлауова Ақнұр ___________



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив