«Сынып болып кітап оқимыз» 20 минут кітап оқимыз!
Мектепте бос уақытымызды тиімді өткізу үшін біз, 1-11 сынып оқушылары,қыркуйек пен мамыр айлары арасында күн сайын 20 минут уақытымызды кітап оқуға арнадық. Бұл дәстүр бізге өте ұнайды, себебі кітап оқу – білім мен рухани байлықтың кілті. Бос уақытта сынып болып жиналып, әркім өзіне ұнайтын кітапты алып оқиды. Біреу ертегі оқиды, енді бірі қызықты әңгімелерге, тарихи деректерге қызығады. Оқу кезінде кітапхана іші тынышталып, барлығымыз кітап әлеміне енгендей боламыз.