"КІТАПТАР АЙНАЛЫМЫ" АКЦИЯСЫ
«Кітаптар айналымы» акциясы Акция аясында мектептің акт залында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар арасында кітап алмасу жүргізілді. Оқушылар өздері оқыған кітаптарды сыныптастарына ұсынып, пікірлерімен бөлісті. Шара кітап оқуға ынталандыру, кітапқа деген құрметті арттыру мақсатында өткізілді. Оқушылар белсенділік танытып, шара жоғары деңгейде өтті.