«Бірнеше тілде еркін ой білдіру — табысты қарым-қатынастың негізі» тақырыбында тәрбие » «Alan International School»
«ALAN International School»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:200240016788
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 222-67-77
Есепші бөлімі:
+7(701) 222-67-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бірнеше тілде еркін ой білдіру — табысты қарым-қатынастың негізі» тақырыбында тәрбие
19
қараша
2024

«Бірнеше тілде еркін ой білдіру — табысты қарым-қатынастың негізі» тақырыбында тәрбие

Мектепте оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдіруге бағытталған тәрбиелік маңызы зор іс-шара – тәрбие сағаты өткізілді. Бұл тәрбие сағатының мақсаты – оқушылардың өз ойын сенімді әрі шығармашылықпен жеткізе білуін дамыту, көптілділікке бейімдеу, түрлі тілдер мен тәсілдер арқылы қарым-қатынас жасау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ тиімді ынтымақтастыққа баулу болды.

Сабақ барысында оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өз ойларын еркін жеткізіп, түрлі тақырыптар бойынша пікір алмасты. Мұндай жаттығулар олардың тіл байлығын кеңейтіп, сөздік қорын молайтуға ықпал етті. Сонымен қатар, балалар өзара тыңдау мәдениетін меңгеріп, әр адамның пікірін құрметтеудің маңызын түсінді.

Тәрбие сағатында түрлі интерактивті әдістер қолданылды: рөлдік ойындар, диалогтік тапсырмалар, шығармашылық мини-жобалар мен шағын топтық талқылаулар. Бұл әдістер оқушылардың тек тілдік қабілеттерін ғана емес, сонымен қатар сыни ойлау, логикалық пайымдау, шешім қабылдау және көшбасшылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

Сабақта «Коммуникация деген не?», «Түсіну мен түсінісу қалай қалыптасады?», «Тілдік кедергілерді қалай жеңуге болады?» деген секілді сұрақтар көтеріліп, оқушылар өз ойларын ортаға салып, тәжірибе бөлісті. Сонымен қатар, түрлі тілдік жағдаяттар ұсынылып, балалар нақты өмірлік жағдайларда өздерін қалай ұстау керектігін практика жүзінде меңгерді.

Мұндай тәрбиелік шаралар оқушылардың бойында мәдениетаралық қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастырып, әлемге ашық, білімді, көптілді, жан-жақты дамыған тұлға ретінде өсіп жетілуіне негіз қалайды. "Бірнеше тілде еркін ой білдіру — табысты қарым-қатынастың негізі" атты бұл тәрбие сағаты – соның жарқын мысалы.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив