«Readx» бағдарламасы мен «Кітап сыйла» акциясы.
14 сәуір 2025 жылы мектебіміздің акт залында сағат 15:30-да ерекше әрі мағыналы іс-шара өтті. Іс-шараның атауы – «Readx» бағдарламасы және «Кітап сыйла» акциясы. Бұл шараны мектеп кітапханашысы Сайлауова Ақнұр мен ағылшын тілі мұғалімі Шамшидин Ақнұр бірлесіп ұйымдастырды.Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және өзара тәжірибе алмасу арқылы әдеби орта құру. Іс-шараны Шамшидин Ақнұр мен Сайлауова Ақнұр ашып, оқушыларға «Readx» жобасы мен «Кітап сыйла» акциясының мән-маңызы туралы түсіндіріп өтті. Олар кітап оқудың адам өміріндегі орны, ой-өрісті кеңейтуге және тұлғалық дамуға қосатын үлесі жайлы ой қозғады.Келесі бөлімде оқушылар өздері оқыған кітаптарын қорғап, мазмұнын, негізгі идеясын, автордың көзқарасын және өздеріне әсер еткен тұстарын баяндады. Бұл сәтте оқушылар арасында қызықты пікірталас пен сұрақ-жауап өтті. Бұл – балалардың сыни ойлау қабілеті мен сөйлеу шеберліктерін дамытуға үлкен сеп болды.«Кітап сыйла» акциясы кезінде қатысушылар өздері оқып шыққан кітаптарын сыныптастарына тарту етіп, олармен бөлісті. Осылайша оқушылар бір-біріне жаңа авторлар мен шығармаларды ұсынып, оқуға деген қызығушылықты бірге арттыруға мүмкіндік алды. Осы іс-шараға 6 "А "- сынып оқушысы Нұрман Нұрболат, 8"Д "- сынып оқушысы Абдукадырова Балауса, 9 "А "- сынып оқушысы Аманжол Ернұр,10 "А "- сынып оқушысы Махмуд Айкөркем, 9 "А "- сынып оқушысы Тұрдықұл Сандия қатысты.Бұл іс-шара өте сәтті өтті. Оқушылар өздерінің кітап оқу дағдыларын шыңдап қана қоймай, өзара кітап алмасып, бір-бірін жаңа әдебиеттермен таныстыру мүмкіндігіне ие болды. «Readx» және «Кітап сыйла» сынды бастамалар – жас ұрпақтың оқуға деген сүйіспеншілігін оятып, оқу мәдениетін дамытуда маңызды рөл атқарады.







