«Әлемді кітаппен таны» – кітапханаға саяхат.
0-сыныптан бастап мектеп оқушылары үшін ерекше әрі әсерлі іс-шара – «Әлемді кітаппен таны» атты кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. Бұл шара балаларды кітап әлеміне жетелеп, олардың кітапқа деген қызығушылығын оятуға бағытталған. Саяхатты мектеп кітапханашысы Сайлауова Ақнұр, мектеп мұғалімдері Ботагөз, Нұрбала ханым бірлесіп ұйымдастырды. Мақсат – балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітапхана мәдениетін үйрету және әлемді танудың ең тамаша жолы – кітап оқу екенін ұғындыру. Балалар кітапханаға кірген сәттен бастап қызықты әрі танымдық саяхатқа енді. Кітапханашы Ақнұр балаларды кітап сөрелерімен таныстырып, түрлі жанрдағы кітаптар туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, балалар ертегілер әлеміне саяхат жасап, балалар әдебиетінің кейіпкерлерімен танысты. «Әлемді кітаппен таны» атты кітапханаға саяхат балаларға ерекше әсер қалдырды. Олар тек кітап оқудың емес, кітапханаға келудің, кітаппен дос болудың маңызын түсінді. Осындай танымдық іс-шаралар арқылы жас буынның білімге құштарлығы артып, оқуға деген қызығушылығы оянады.
![]() ![]() | ![]() ![]() |



