РӘМІЗДЕР КҮНІ
2025 жылғы 4 маусым күні "ALAN" International School" мектебінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты — балаларға мемлекеттік рәміздердің маңызын түсіндіру, елдік сана мен отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Шара барысында:
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран туралы ақпарат берілді;
Рәміздер тарихы мен авторлары туралы бейнематериал көрсетілді;
«Менің Туым – менің мақтанышым» тақырыбында зияткерлік сайыс ұйымдастырылды;
Оқушылар патриоттық әндер шырқап, сурет көрмесіне қатысты, спорттық жарыстарға қатысты.
Мектеп алаңында мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалды. Бұл сәт оқушыларға рух беріп, патриоттық сезімді оятты.
Нәтиже:
Іс-шара балаларға рәміздердің тек белгі емес, ел бірлігінің, тәуелсіздіктің және ұлттық рухтың символы екенін терең ұғынуға мүмкіндік берді.



