ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ » «Alan International School»
«ALAN International School»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:200240016788
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 222-67-77
Есепші бөлімі:
+7(701) 222-67-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
13
желтоқсан
2024

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

     16 желтоқсан – еліміздің ең басты мемлекеттік мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Бұл күн – халқымыздың ғасырлар бойы арманы болған егемендікке қол жеткізген тарихи сәтті еске алып, ұлттық бірлік пен тәуелсіздіктің қадірін ұғынатын ерекше күн. Осы атаулы күнге орай «Alan International School» мектебінде оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, тарихи санасын қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында бірқатар тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар өткізілді. Апталықты ашу мақсатында бастауыштан жоғары сыныптарға дейінгі оқушылар сапқа тұрып, мемлекеттік әнұран шырқалды. Мектеп басшысы құттықтау сөз     сөйлеп, Тәуелсіздіктің маңыздылығын ерекше атап өтті.
     Барлық сыныптарда еліміздің тәуелсіздікке жету жолындағы күрес тарихын қамтитын тәрбие сағаттары өтті. Сабақтарда деректі фильмдер көрсетіліп, Желтоқсан оқиғасының батыр жастары туралы мәліметтер берілді. Оқушылар тәуелсіздік туралы өлеңдер оқып, ой бөлісті. Орта және жоғары буын оқушылары арасында «Мен – өз Отанымның патриотымын!» тақырыбында зияткерлік сайыс ұйымдастырылды. Оқушылар Қазақстан тарихына қатысты сұрақтарға жауап беріп, ұлттық рәміздер мен атаулы даталар туралы білімдерін сынады.
    «Тәуелсіз елдің жастары» атты өнер кешінде оқушылар мұғалімдермен бірге патриоттық әндер орындады «Тәуелсіз елім – тірегім» тақырыбында ұйымдастырылған көрмеге оқушылар өздері жасаған ұлттық нақыштағы бұйымдар мен суреттерін ұсынды. Әр туындыда Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі көрініс тапты.



https://www.instagram.com/reel/DDo36T-gNlA/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив