ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ
7 сәуір – денсаулықты сақтау мен нығайтуға арналған маңызды халықаралық күндердің бірі – Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл күннің мақсаты – адамдардың денсаулығына көңіл бөлу, алдын алу шараларын сақтау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын насихаттау. Осы орайда мектебімізде ерекше іс-шара өтті. Біздің білім ордамызға №3 Қалалық емхананың білікті дәрігерлері арнайы келіп, оқушылар мен ұстаздар үшін пайдалы кеңестер беріп, түрлі консультациялар ұйымдастырды. Дәрігерлер денсаулықты күту, дұрыс тамақтану, жеке гигиена, физикалық белсенділік және психологиялық тұрақтылықтың маңыздылығы жөнінде құнды ақпараттармен бөлісті. Бұл іс-шара барлық қатысушыларға пайдалы болды. Оқушылар өз денсаулығына баса назар аударып, салауатты өмір салтының негіздерін тереңірек түсінді. Дәрігерлердің жылы лебізі мен кәсіби кеңестері үшін шын жүректен алғыс білдіреміз!
Әрқайсымыз күнделікті өмірімізде денсаулығымызды бірінші орынға қойып, дұрыс тамақтанып, жеткілікті ұйықтап, спортпен шұғылданып, сонымен қатар психологиялық жағдайымызға да көңіл бөліп отыруымыз қажет. Өйткені денсаулық – адамның басты байлығы.





