ШАХМАТ – ЗИЯТКЕРЛІК ПЕН ТӨЗІМДІЛІК САЙЫСЫ » «Alan International School»
«ALAN International School»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:200240016788
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 222-67-77
Есепші бөлімі:
+7(701) 222-67-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ШАХМАТ – ЗИЯТКЕРЛІК ПЕН ТӨЗІМДІЛІК САЙЫСЫ
21
қараша
2024

ШАХМАТ – ЗИЯТКЕРЛІК ПЕН ТӨЗІМДІЛІК САЙЫСЫ

Мектепте шахматтан үлкен дайындықпен ұйымдастырылған жарыс өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, логикалық және сыни ойлау дағдыларын жетілдіру, сонымен қатар спорттық мәдениетті қалыптастыру мен әділ бәсекеге тәрбиелеу.

Шахмат — тек ойын ғана емес, ол – өмірлік маңызды шешімдерді қабылдауға, салмақты ойлануға, дұрыс таңдау жасауға баулитын ерекше құрал. Жарыс барысында оқушылар өз шеберліктерін, ой ұшқырлығын, логикалық ойлау қабілеттерін жан-жақты көрсетті. Олар әрбір жүрісті ойланып, стратегиялық тұрғыдан шешім қабылдауға тырысты. Бұл өз кезегінде олардың зеректік пен сабырлылық танытуына септігін тигізді.

Жарысқа әр түрлі жастағы оқушылар белсене қатысып, өзара тартысты әрі қызықты партиялар өткізді. Ойын барысында балалар тек жеңіске жетуді мақсат тұтып қана қоймай, қарсыласына құрметпен қарауды, тәртіп пен ережені сақтауды үйренді. Бұл жарыс оларға шыдамдылық, төзімділік және сәтсіздіктерден сабақ ала білуді үйретті.

Шахмат – балалардың интеллектуалды дамуына әсер ететін ең тиімді құралдардың бірі. Ол есте сақтау қабілетін арттырып, назар аудару мен болжау дағдыларын жетілдіреді. Сонымен қатар, шахмат оқушылардың жеке және тұлғалық дамуына оң әсер етіп, өз-өзіне сенімділігін арттырады.

Жарыс соңында белсенділік танытқан оқушылар марапатталып, үздік ойыншылар мадақтамалармен және дипломдармен марапатталды. Мұндай іс-шаралар оқушылардың білім мен спортты қатар алып жүруіне ықпал етіп, олардың жан-жақты дамуына зор мүмкіндік береді.

Шахмат арқылы тәрбиелеу — болашақ ұрпақты ойлы, шешім қабылдауда байыпты, сабырлы әрі әділ етіп өсірудің бір жолы. Бұл жарыс соның айқын дәлелі болды.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив