"ЗАҢДЫ БІЛУ – ҚАУІПСІЗДІККЕ БАСТАР ЖОЛ" » «Alan International School»
«ALAN International School»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:200240016788
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 222-67-77
Есепші бөлімі:
+7(701) 222-67-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ЗАҢДЫ БІЛУ – ҚАУІПСІЗДІККЕ БАСТАР ЖОЛ"
29
қаңтар
2025

"ЗАҢДЫ БІЛУ – ҚАУІПСІЗДІККЕ БАСТАР ЖОЛ"

“ALAN” Халықаралық мектебінде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында маңызды тәрбие сағаты өткізілді. “ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП” атты акция аясында ұйымдастырылған бұл іс-шара кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, әлімжеттілік пен буллингтің алдын алуға бағытталды.

Іс-шараға мектеп инспекторы Түгелова Шолпан және Қаратау аудандық полиция басқармасының Анықтау бөлімінің бастығы, полиция майоры О.Альжанов арнайы шақырылып, мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып оқушылармен мазмұнды кездесу өткізді. Кездесу барысында құқықтық тәртіп, жеке жауапкершілік, өз-өзін қорғау және қоршаған ортада қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Маман-полицейлер оқушыларға нақты мысалдар келтіре отырып, құқықбұзушылықтың салдары мен заң алдындағы жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ буллинг пен әлімжеттілікке қарсы күрес жолдары, бұл жағдайлардан қалай шығуға болатыны жөнінде практикалық кеңестер берілді. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырудың тиімді жолы болып табылады. Мектебімізде әрбір оқушының қауіпсіздігі мен тұлғалық дамуы – басты назарда. Сол себепті осындай кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп тұрады деп жоспарлануда.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив