"ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ » «Alan International School»
«ALAN International School»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:200240016788
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 222-67-77
Есепші бөлімі:
+7(701) 222-67-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
30
сәуір
2025

"ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР, ҚАДІРЛІ ӘРІПТЕСТЕР МЕН АТА-АНАЛАР!

Сіздерді шын жүректен 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл күн – береке мен ынтымақтың, достық пен өзара сыйластықтың, ел бірлігінің жарқын нышаны. Бірлік пен келісім – кез келген қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі.

Бүгінде Қазақстан – 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт өмір сүріп жатқан, бірлігі жарасқан мемлекет. Халықтар достығы мен татулығы – еліміздің басты байлығы, даму мен жаңғыру жолындағы мызғымас негіз.

Осы құндылықтар «Alan International School» мектебінің де негізгі ұстанымына айналған. Мектебімізде 20-ға жуық ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті білім алып, бір мақсатқа жұмыла еңбек етіп келеді. Бұл – біздің ортақ жетістігіміз, бейбіт өмірдің берекелі көрінісі.

Білім мен тәрбиенің өзегінде – достық, өзара түсіністік, ұлт пен тілге деген құрмет жатыр. Біз әрдайым оқушыларымыздың бойына мейірімділік, төзімділік, бір-біріне деген сыйластық сезімдерін сіңіруге тырысамыз. Олар тек білім алып қана қоймай, саналы азамат, түрлі мәдениеттер мен дәстүрлерді сыйлай білетін, ашық әрі кемел тұлға ретінде қалыптасуы тиіс. Бұл – ұжым болып жүзеге асыратын ортақ міндетіміз.

1 мамыр – бұл мейрам тек тарихпен байланысты емес, ол бүгінгі күннің де шындығы. Біз – әртүрлі тілде сөйлесек те, ортақ мақсат пен арман жолында біргеміз. Балаларымыз да дәл осы рухта тәрбиеленіп, келешекте еліміздің игілігі жолында қызмет ететін, бірлік пен бейбітшіліктің жаршысы боларына сенімдіміз.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Елімізде әрдайым бейбітшілік пен келісім салтанат құрсын!
БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЕЛ – БАҚЫТҚА ЖОЛ АШАДЫ!

1)https://www.instagram.com/reel/DJEkHckt6fa/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MWM4b2tkMmhmMWdvMQ== 2)https://www.instagram.com/reel/DJHMjH2oJC3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=OHNoN2Q4NXlhN2J5

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив