БУЛЛИНГТЕН ҚОРҒАН
"Alan International School" мектебінде оқушылар арасында кеңінен таралған маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі — буллингтің алдын алу мақсатында «Буллингтен қорған!» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың бойында зорлық-зомбылыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ буллингтің түрлері мен оның зиянды салдары туралы жан-жақты ақпарат беру болды.
Шара барысында келесі бағыттар қамтылды:
- Буллинг деген не? Оның түрлері (физикалық, психологиялық, кибербуллинг);
- Буллингтің салдары мен зардаптары;
- Құрбан болған жағдайда не істеу керек? Қайда жүгіну керек?;
- Куәгер ретінде дұрыс әрекет ету жолдары;
- Құрмет пен достықтың маңызы.
Оқушылар тақырып бойынша бейнероликтер көріп, пікірталастарға қатысты, нақты жағдайлардан мысал келтіріп, шешу жолдарын талқылады. Психолог маманмен кездесу ұйымдастырылып, балаларға ашық әрі сенімді ортада өз ойларын айтуға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, «Мен – буллингке қарсымын!» атты қабырға газеті шығарылып, оқушылар өз үндеулерін жазды.
«Буллингтен қорған!» атты іс-шара оқушылардың зорлық-зомбылыққа деген көзқарасын өзгертуге, бір-біріне деген сыйластық пен жанашырлықты арттыруға өз септігін тигізді. "Alan International School" ұжымы алдағы уақытта да буллингтің алдын алу және мектептегі қауіпсіз ортаны қалыптастыру бағытында жұмыстарын жалғастырады.




https://www.instagram.com/reel/DDE2Du3IN61/?igsh=MW0xazg5MDJ5Y3B3ag==https://www.instagram.com/reel/DGSJu0ktxtT/?igsh=YWNibXg5MHYzOGt5