ФУТБОЛ ЖҰЛДЫЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ » «Alan International School»
«ALAN International School»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:200240016788
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 222-67-77
Есепші бөлімі:
+7(701) 222-67-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
қараша
2024

ФУТБОЛ ЖҰЛДЫЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

     Қараша айында «Мамандықтар әлемі» жобасы аясында “ALAN International School” мектебінде ерекше әрі шабытқа толы кездесу өтті. Мектепке @fc__ordabasy "Ордабасы" футбол клубының кәсіби ойыншылары – Ғафуржан Сүйімбаев, Бауыржан Исламхан, Цвек Ловро және Садовский Всеволод арнайы келді.  Бұл кездесу жас ұрпаққа спорт пен табандылықтың, арман мен еңбекқорлықтың маңызын көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Клуб өкілдері оқушылармен еркін сұхбат жүргізіп, өз тәжірибелерімен, бала күнгі армандарымен және жетістікке жету жолындағы қиындықтармен бөлісті.

Оқушылар үшін бұл күн:

  • Ұмытылмас әсер қалдырды
  • Өздерінің сүйікті футболшыларынан кеңес алып, сұрақтар қойып, қолтаңба алуға мүмкіндік туды
  • Бірге футбол ойнап, командалық рух пен ынтымақты сезінді

Бұл кездесу балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтына мотивация берді. Осындай шаралар болашақта қазақ футболының дамуына өз ықпалын тигізетіні сөзсіз.

"ALAN" мектебі "Ордабасы" клубына алғыс білдіре отырып, жас буынның арманына сенім ұялатқан бұл кездесуді ерекше бағалайды.

https://www.instagram.com/alan_mektebi/reel/DCHMkT5Akw8/


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив