06
мамыр
2025
«ЖАС САРБАЗ» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ
“ALAN International School” базасында Отан қорғаушылар күніне орай жас ұрпақтың бойында елжандылықты, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды. Байқауға әртүрлі жас санатындағы оқушылар белсене қатысып, қазақ және әлем елдерінің патриоттық әндерін орындады. Шара барысында сахнада тек өнер ғана емес, батырлық рух, ұлтқа деген мақтаныш пен жүректен шыққан жалынды үн естілді. Қазылар алқасы қатысушылардың ән айту шеберлігіне, сахна мәдениетіне және тақырыпқа сәйкестігіне ерекше назар аударды. Байқау жас буынның елге, жерге деген құрметін арттырып қана қоймай, музыкалық таланттарын ашуға мүмкіндік берді.



