7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ » «Alan International School»
«ALAN International School»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:200240016788
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 222-67-77
Есепші бөлімі:
+7(701) 222-67-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ
06
мамыр
2025

7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ


7 мамыр – Отан қорғаушылар күні елімізде ерекше құрметпен аталып өтетін мереке. Бұл – елін қорғап, бейбітшілікті, тыныштықты сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша азаматтардың мерекесі. Осы мерекеге орай «Alan International School» мектебінің оқушылары мен ұстаздары мектептің ер мұғалімдерін құттықтап, оларға зор алғыс білдірді.

Мақсаты – мектеп оқушыларының бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттық рухты және үлкенге деген құрмет сезімін қалыптастыру. Сондай-ақ, ер мұғалімдердің еңбегін бағалап, олардың мектеп өміріндегі рөлін ерекше атап өту, оқушылардың ұстаздарға деген алғысын білдіру.

Іс-шара барысында оқушылар ұстаздарға арнап өлең шумақтарын оқып, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Олар өз құттықтау сөздерінде ер мұғалімдердің мектеп өміріндегі рөлі ерекше екенін, тек білім беріп қана қоймай, нағыз Отан қорғаушыдай өз шәкірттерін тәрбиелеп, олардың бойына батылдық, жауапкершілік, адалдық пен елжандылық қасиеттерін сіңіріп жүргенін атап өтті.

Мектеп алаңында ұйымдастырылған мерекелік жиында оқушылар өздері дайындаған ашықхаттарын тапсырып, гүл шоқтарын ұсынып, алғыс сөздерін жеткізді. Әсіресе, оқушылар «Сіздер біздің мақтанышымызсыздар! Елімізді қорғаушылар қатарында сіздер де тұрсыздар!» деген ізгі лебіздерін білдіріп, өз жүрекжарды ниеттерін ортаға салды.

Бұл мереке – ер азаматтардың Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық рухын құрметтеу күні. Ер мұғалімдеріміз мектеп өмірінде оқушыларға қорған болып, ақыл-кеңестерін аямай, әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Олар – мектептің тірегі, ұжымның арқа сүйері, шәкірттердің рухани жетекшілері.

Осындай іс-шаралар оқушылардың ер азаматтарға деген сый-құрметін арттырып, оларды да елін, жерін қорғауға, отансүйгіштікке тәрбиелейді. Бұл күні ұстаздарға жылы лебіздер айтылып, бейбітшілік пен татулықтың қадірі түсіндірілді. Оқушылар ұстаздардың батылдығын, табандылығын, жауапкершілігін жоғары бағалап, оларды мақтан тұтатындарын білдірді.

«Alan International School» ұжымы ер ұстаздарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, еңбектеріне жеміс пен шабыт тілей отырып, жас ұрпаққа әрдайым үлгі бола берулеріне сенім білдіреді. Осындай мерекелік шаралар арқылы мектеп оқушылары ұстаздарымен мақтанатынын және өздерінің де болашақта ел қорғаушысы болуға дайын екендерін көрсетті.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні барша азаматтарды құрметтейтін, бейбітшіліктің бағасын ұғындыратын және ел үшін аянбай еңбек етудің маңыздылығын ұғындыратын ұлық мереке.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив