«Сынып болып кітап оқимыз» 20 минут кітап оқимыз!
Мектепте бос уақытымызды тиімді өткізу үшін біз, 1-11 сынып оқушылары,қыркуйек пен мамыр айлары арасында күн сайын 20 минут уақытымызды кітап оқуға арнадық. Бұл дәстүр бізге өте ұнайды, себебі кітап оқу – білім мен рухани байлықтың кілті. Бос уақытта сынып болып жиналып, әркім өзіне ұнайтын кітапты алып оқиды. Біреу ертегі оқиды, енді бірі қызықты әңгімелерге, тарихи деректерге қызығады. Оқу кезінде кітапхана іші тынышталып, барлығымыз кітап әлеміне енгендей боламыз. Кітап оқу бізге көп жаңа мәлімет береді, ойымызды дамытады және сөздік қорымызды байытады. Ең бастысы – бұл уақыт бізді бір-бірімізге жақындатады. Оқу аяқталған соң, кейде кітап туралы қысқаша айтып, өзара ой бөлісеміз. Осындай 20 минуттық оқу арқылы біз уақытты тиімді өткізіп қана қоймай, болашағымыз үшін пайдалы іспен айналысамыз. Кітап – ең адал дос. Сондықтан бос уақытты кітаппен өткізу – ең жақсы таңдау!




