«Кітап сыйла» – мұғалімдер арасындағы рухани байланыс көпірі. » «Alan International School»
«ALAN International School»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:200240016788
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 222-67-77
Есепші бөлімі:
+7(701) 222-67-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Кітап сыйла» – мұғалімдер арасындағы рухани байланыс көпірі.
28
мамыр
2025

«Кітап сыйла» – мұғалімдер арасындағы рухани байланыс көпірі.

10.12.2024 жылы балалар кітапханасы аясында ерекше мағынасы бар іс-шара – мұғалімдер арасында «Кітап сыйла» акциясы өтті. Іс-шараны ұйымдастырған – мектеп кітапханашысы Сайлауова Ақнұр. Бұл акцияның басты мақсаты – мұғалімдер арасында оқуға деген қызығушылықты арттыру, кітап арқылы рухани байланыс орнату және әдебиетті насихаттау болды. Іс-шара мектеп кітапханасында өтті және жылы, достық атмосферада ұйымдастырылды. Іс-шараны ұйымдастырушы Сайлауова Ақнұр сөз сөйлеп, мұғалімдерге «Кітап сыйла» акциясының мәнін түсіндірді. Ол кітаптың – тек оқу құралы ғана емес, сыйлық ретінде беруге лайық асыл қазына екенін атап өтті. Мұғалімдер өздері оқып, ерекше әсер алған кітаптарын бір-біріне сыйға тартты. Әр сыйлық кітаппен қатар ұстаздар кітапқа қысқаша шолу жасап, оның маңыздылығы мен әсері жайлы ой бөлісті. Шара барысында ұстаздар өзара әңгімелесіп, әдебиетке қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Бұл сәттер – ұжымдық бірлікті, рухани жақындықты арттырған ерекше мезеттер болды. «Кітап сыйла» акциясы – мұғалімдер арасындағы достық пен сыйластықты арттырып қана қоймай, оқу мәдениетін дамытудың жарқын үлгісіне айналды. Іс-шара соңында ұстаздар осындай рухани бастамалардың алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасуына тілектестіктерін білдірді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив