«РЕСПУБЛИКА КҮНІ» » «Alan International School»
«ALAN International School»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:200240016788
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 222-67-77
Есепші бөлімі:
+7(701) 222-67-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «РЕСПУБЛИКА КҮНІ»
24
қазан
2024

«РЕСПУБЛИКА КҮНІ»

    25 қазан – Қазақстанның егемендікке қарай бет алған тарихи маңызды кезеңін білдіретін Республика күні. Бұл – елдігіміздің негізі қаланған, тәуелсіз мемлекет ретінде өз жолымызды айқындауға бағыт алған ерекше күн. 1990 жылы дәл осы күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі "Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны" қабылдады. Бұл құжат Қазақстанның дербестігін заңды түрде бекітіп, тәуелсіздікке бастар алғашқы нақты қадам болды. Сондықтан да Республика күні – еліміздің мемлекеттік негізін қалаған, тарихымыздағы аса маңызды мереке.

      Осы атаулы күнге орай «Alan International School» мектебінде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылар Қазақстан тарихына шолу жасап, егемен ел болудың маңызын ұғынды. Әнұран орындалып, патриоттық әндер шырқалып, шығармашылық көріністер көрсетілді. Балалар туған елге деген сүйіспеншілігін өлең-жыр, көркем сөз, сурет және шағын сахналық қойылымдар арқылы жеткізді. Мерекенің басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, ел тарихын құрметтеуге баулу және тәуелсіздік пен егемендіктің қадірін ұғындыру. Республика күні – бұл барша қазақстандықтар үшін ел бірлігі мен тәуелсіздікті ұлықтайтын, ұрпақ санасына егемен ел болу жолындағы күрес пен жетістіктерді сіңіретін рухты мереке. Мектебіміздің ұжымы мен оқушылары еліміздің болашағына сеніммен қарап, білім мен еңбектің күшімен Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосуға дайын екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, туымыз биік болсын!




https://www.instagram.com/reel/DBiYCHgtLzq/?utm_source=ig_web_copy_link
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив