15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ » «Alan International School»
«ALAN International School»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:200240016788
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 222-67-77
Есепші бөлімі:
+7(701) 222-67-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ
15
мамыр
2025

15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ


15 мамыр – бүкіл әлемде Отбасы күні ретінде аталып өтеді. Бұл мереке отбасының қоғамдағы рөлін, ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластықты дәріптейді. Осы атаулы күнге орай «Alan International School» мектебінің оқушылары мен ұстаздары тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырды.

Мақсаты – оқушылардың бойында отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, бір-бірін қолдаудың маңызды екенін түсіндіру.

Іс-шара аясында оқушылар өздерінің ата-аналарына қоңырау шалып, «Мен сіздерді жақсы көремін!» деген жүрекжарды тілектерін айтты. Бұл қоңыраулар ата-аналардың көңілін көтеріп, оқушылардың отбасы мүшелеріне деген махаббатын айқын көрсетті. Оқушылар өз сөздерінде отбасының әрқашан қолдау мен мейірімнің мекені екенін атап өтті.

Сынып жетекшілері мен мұғалімдер оқушыларға отбасының берік болуы – әр адамның өміріндегі ең үлкен бақыт екенін түсіндіріп, өз отбасы мүшелерін қадірлеудің, сыйлаудың, қамқор болудың маңызын айтты. Сонымен қатар, оқушылар отбасы туралы өлеңдер оқып, шағын сахналық қойылымдар көрсетіп, отбасындағы татулық пен мейірімнің құндылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

«Alan International School» ұжымы оқушыларды отбасы құндылықтарын ардақтауға, ата-анаға құрметпен қарауға және отбасының әр мүшесімен өзара сыйластықты сақтауға тәрбиелеуге ерекше мән береді.

Отбасы – әр баланың жүрегіндегі жылылық пен мейірімнің, махаббат пен сенімнің ордасы екенін ұғынған оқушылар ата-аналарына өз алғыстарын айтып, мерекені қуанышпен атап өтті.

1)https://www.instagram.com/reel/DAInJorNZFO/?utm_source=ig_web_copy_link 2)https://www.instagram.com/reel/DAOP2DYo7Ec/?utm_source=ig_web_copy_link

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив