ОТБАСЫ КҮНІ » «Alan International School»
«ALAN International School»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:200240016788
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 222-67-77
Есепші бөлімі:
+7(701) 222-67-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
қыркүйек
2024

ОТБАСЫ КҮНІ

Alan International School мектебінде 10 қыркүйек – Отбасы күніне арналған тәрбие сағаттары мен мазмұнды іс-шаралар өткізілді. Бұл күн – отбасының қоғамдағы рөліне, ұлттық құндылықтарға және ата-ана мен бала арасындағы өзара құрметке ерекше мән берілетін маңызды мереке.
 Іс-шара мақсаты – оқушылардың отбасылық құндылықтар жайлы түсінігін кеңейту, ата-ананы құрметтеу, жауапкершілік, мейірім мен сыйластыққа тәрбиелеу. 

Шара аясында:
– «Менің отбасым – менің байлығым» атты сынып сағаттары өтті;
– Оқушылар ата-аналарымен бірге үлгілі отбасылар туралы презентациялар дайындап, сыныптастары алдында таныстырды;
– «Отбасындағы бақыт» тақырыбында эссе мен сурет байқауы ұйымдастырылды;
– Мұғалімдер мен психологтар достық, түсіністік, ата-анаға алғыс айту туралы пікір алмасу алаңын құрды.
Іс-шара барысында оқушылар өз отбасылары туралы жылы естеліктерімен бөлісіп, отбасының өмірдегі орны мен маңызын терең түсінді.
Осындай игі істер арқылы мектебімізде отбасылық тәрбиені дәріптеу, ұлттық рухты нығайту, ізгі қарым-қатынасты қалыптастыру дәстүрге айналды.
 https://www.instagram.com/reel/DAOP2DYo7Ec/?igsh=MXVkN2Z3ZzJ5M215OA==  
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив