ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ КҮНІ
2024 жылғы 13-15 қараша күндері «ALAN» International School» мектебінде Халықаралық толеранттылық күніне орай тәрбиелік іс-шаралар өткізілді. Бұл күнді атап өтудегі негізгі мақсат – оқушыларды төзімділікке, әртүрлі көзқарас пен мәдениетті құрметтеуге, бейбітшілік пен түсіністікке тәрбиелеу.
Іс-шара аясында мектеп оқушылары үшін түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылды. Бастауыш сыныптарда «Мейірімділік бұрышы» тақырыбында шығармашылық жұмыстар ұсынылып, балалар достық, түсіністік пен көмектесу жайлы суреттер салды. Орта және жоғары буын сыныптарында «Толеранттылық – татулық негізі» атты сынып сағаттары өтті, оқушылар өзара пікір алмасып, өмірлік мысалдармен бөлісті.
Сонымен қатар, 5–11 сыныптар арасында интерактивті пікірталас ұйымдастырылып, оқушылар адамгершілік, мәдениетаралық диалог және құрмет туралы өз ойларын ортаға салды.
Балаларға тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шара оқушылардың бойында сыйластық, сабырлық, достық, әділдік секілді маңызды адами құндылықтарды нығайтып, мектеп ішінде оң қарым-қатынас орнатуға ықпал етті.


