28
мамыр
2025
2 сәуір күні Халықаралық балалар кітабы күні.
2 сәуір күні Халықаралық балалар кітабы күніне орай Alan International School мектебінің бастауыш сыныптарында арнайы ашық сабақтар өткізілді. Сабақтар балалар жазушыларының шығармаларын негізге ала отырып ұйымдастырылды. 1-4 сыныптарда ертегілермен танысу, кейіпкерлермен жұмыс жүргізілді. Балалар ертегі мазмұнын сахналап көрсетті. балалар поэзиясы оқылып, өлең мазмұны бойынша сурет салу және көркем оқу ұйымдастырылды. Әдеби шығармалар бойынша топтық талдау, кейіпкер сипаттамасын жасау жұмыстары өтті. Оқылған кітаптар бойынша пікірталас, эссе жазу, "Менің сүйікті кітабым" тақырыбында шығармашылық жұмыстар орындалды. Сабақтар барысында оқушылар өз ойларымен еркін бөлісіп, кітаптан алған әсерлері мен үйренген құндылықтары жайында айтты. Кітап көрмелері мен "үздік оқырман" бұрышы ұйымдастырылып, балалардың белсенділігі жоғары болды. Ашық сабақтар өте мазмұнды әрі әсерлі өтті. Балалар өз қызығушылықтарын танытып, әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Мұғалімдердің дайындық деңгейі жоғары, оқушылармен жүргізілген жұмыстар нәтижелі болды. Іс-шара мектептегі оқу-тәрбие жұмысына оң әсерін тигізді.














