«Readx» – Жастарды шабыттандырған әдебиет алаңы. » «Alan International School»
«ALAN International School»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:200240016788
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 222-67-77
Есепші бөлімі:
+7(701) 222-67-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Readx» – Жастарды шабыттандырған әдебиет алаңы.
04
маусым
2025

«Readx» – Жастарды шабыттандырған әдебиет алаңы.

  2025 жылдың 2 сәуірінде, Халықаралық балалар кітабы күніне орай мектебімізде ерекше форматтағы әдеби шара – «Readx» атты мотивациялық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды кітап оқуға шабыттандыру, әдебиет арқылы ой-сананы кеңейту және көркем туындылардың жасөспірімдер өміріндегі маңызын көрсету болды. Бұл кездесуге жоғарғы сынып оқушылары спикер ретінде қатысып, өздері оқыған кітаптар, сол шығармалардың жеке тұлғалық қалыптасуға әсері жөнінде мазмұнды ойларымен бөлісті. Спикер ретінде қатысқан Абдукаримова Балауса, Тасбулат Шырайлым, Ұзақбай Ұлжан, Айдархан Нұрәли, Айдинова Гюмюш, Шайзулла Мардан.  Жас спикерлер өз баяндамаларында кітаптың адам өміріндегі рөлі туралы терең толғаныстарын ортаға салып, өздерін қанаттандырған шығармалар туралы ерекше ықыласпен айтты. Тыңдаушылар үшін бұл пікірлер тек ақпарат көзі емес, шынайы өмірлік тәжірибеге негізделген мотивация болды. «Readx» форматында өткен кездесу – диалог пен шабытқа құрылған ашық алаңға айналды. Әрбір спикер өз ойын еркін жеткізіп, әдебиетке деген қызығушылықтарын нақты мысалдармен дәлелдей алды. Кездесу барысында оқушылар арасында сұрақ-жауап, пікір алмасу сәттері ұйымдастырылып, көрермендер белсенділік танытты. Мұндай кездесулер – қатарластарының жетістігі арқылы балаларды қанаттандырудың тиімді жолдарының бірі екені байқалды. Шараға қатысқан барлық оқушылар бұл кездесуден ерекше әсер алғандарын, енді кітапқа басқа көзбен қарай бастағандарын айтты. «Readx» – тек әдеби шара емес, жас буынды кітап арқылы рухани баюға, армандауға және әрекет етуге жетелейтін маңызды алаң. Бұл іс-шара оқушыларды шабыттандырып қана қоймай, өзара түсіністік пен кітапқа деген қызығушылықты арттырды. Осындай мотивациялық кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім мол. Себебі кітап – тек білім емес, болашаққа жол ашатын шынайы рухани күш.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив