«ДАНАЛЫҚ – ҰСТАЗДАН» ЧЕЛЕНДЖІ » «Alan International School»
«ALAN International School»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:200240016788
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 222-67-77
Есепші бөлімі:
+7(701) 222-67-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
қазан
2024

«ДАНАЛЫҚ – ҰСТАЗДАН» ЧЕЛЕНДЖІ

 "ALAN International School" ұжымында Ұстаздар күніне орай ерекше форматтағы «Даналық – ұстаздан» челенджі ұйымдастырылды. Челендждің мақсаты – шәкірт жүрегіндегі алғыс пен құрметті білдіру, ұстаздардың өмірлік даналығы мен ұлағатын дәріптеу. Іс-шара аясында мектеп оқушылары сүйікті ұстаздарына арнап бейнеқұттықтаулар дайындады. Әр видеода – оқушылардың шынайы ықыласы, алғысы мен жүрекжарды тілектері көрініс тапты. Видеороликтер арнайы монтаждалып, мектептің әлеуметтік желі парақшаларында жарияланды. Қысқа ғана сәттерге сыйған алғыс пен мейірім – әрбір ұстаздың көңіліне қуаныш сыйлады.  «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» екенін тағы бір мәрте дәлелдеген бұл бастама мектеп қауымдастығы арасында ерекше қолдауға ие болды.

Барша ұстаздарға – шексіз алғыс пен ілтипат!
Челенджге қатысқан барлық оқушыларға және ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!


https://www.instagram.com/alan_mektebi/reel/DAr-248IAol/

​​​
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив