06
наурыз
2025
«АНАНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ» ІС-ШАРАСЫ
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында "ALAN International School" мектебінде 1–11-сынып оқушыларының қатысуымен «Ананың аялы алақаны» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты – оқушылардың бойына аналарға деген құрмет, махаббат, алғыс сезімдерін сіңіру, ұлттық дәстүр мен отбасылық құндылықтарды дәріптеу.
Шара барысында:
- Ана туралы өлеңдер оқылып, әндер шырқалды
- Ашық хаттар жасалды
- «Анаға хат» бұрышы ұйымдастырылып, оқушылар жүрекжарды тілектерін жазды
Бұл мерекелік іс-шарада әр бала анасына деген ыстық ықыласын шығармашылық арқылы жеткізді, ал мектептің іші мейірім мен жылылыққа толы болды.
«Ана — тіршіліктің тірегі, мейірімнің мәңгі шуағы».
Іс-шара барлық қатысушылардың жүрегінде ерекше із қалдырды.
https://www.instagram.com/ais.council/reel/DG59iNzspdd/
