Қазақстанда 198 мектеп пен 655 денсаулық сақтау нысаны салынды » «Alan International School»
«ALAN International School»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:200240016788
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 222-67-77
Есепші бөлімі:
+7(701) 222-67-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстанда 198 мектеп пен 655 денсаулық сақтау нысаны салынды
29
маусым
2026

Қазақстанда 198 мектеп пен 655 денсаулық сақтау нысаны салынды

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев Ұлттық жобаларды жүзеге асыру нәтижесін баяндады, деп хабарлайды «24KZ». 
«Ұлттық жобалар аясында 198 мектептің және 655 денсаулық сақтау объектісінің құрылысы аяқталды. 10 мыңнан астам студенттер үшін 30 жатақхана пайдалануға берілді. 7,5 мың колледж студенті, 23,6 мың жоғарғы оқу орындары студент–магистранттары мен докторанттары, жатақханамен қамтамасыз етілді», — деді министр.
Сондай-ақ ол 20 жоғары оқу орны базасында жасанды интеллект бойынша мамандар даярлау басталғанын және «Болашақ» бағдарламасы бойынша жеке квота енгізілгенін айтты. Ал Astana Hub экожүйесінде 2,2 мыңнан астам компания тіркелген.

Дереккөз: 24.kz
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив