21
наурыз
2025
ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА - ТЕҢГЕ КҮНІ
2024 жылғы 15 қараша күні «ALAN» International School» мектебінде Ұлттық валюта – Теңге күніне арналған тәрбиелік іс-шара өтті. Бұл мереке Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі мен экономикалық тәуелсіздігінің символына айналған теңгеге құрмет көрсету мақсатында аталып өтті. Іс-шара барысында:
«Теңге – Тәуелсіздіктің нышаны» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді;
Орта және жоғары буын оқушыларына ақша тарихы, банк жүйесі, қаржылық сауаттылық тақырыбында интерактивті презентациялар ұсынылды;
5–9 сыныптар арасында «Қаржы әлеміне саяхат» атты танымдық ойын мен викторина ұйымдастырылды;
Іс-шара мақсаты – оқушыларға ұлттық валюта тарихын таныстыру, қаржы мәдениетін қалыптастыру және экономикалық сауаттылықты арттыру болды. Оқушылар теңгенің еліміз үшін маңызын терең түсінді, қаржыға ұқыпты қарау мен жоспарлау дағдыларын меңгеруге қызығушылық танытты. Іс-шара мектеп ішіндегі тәрбие жұмысының мазмұнын байытып, патриоттық сана мен азаматтық жауапкершілік сезімін нығайтуға ықпал етті.