5 ЖЕЛТОҚСАН - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕРІКТІЛЕР КҮНІ
5 желтоқсан – әлем бойынша Дүниежүзілік еріктілер күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн – қоғамға пайдасын тигізіп жүрген белсенді еріктілерге алғыс айтып, олардың еңбегін бағалауға арналған ерекше мереке. Еріктілік – жанашырлық пен жауапкершіліктің көрінісі, ал қоғамға тегін қызмет ету – үлкен азаматтық борыштың белгісі. Осы атаулы күнге орай «Alan International School» мектебінің оқушылары табиғатты қорғауға бағытталған ерекше іс-шара ұйымдастырды. Балалар құстарға арнап өз қолдарымен ұя жасап, оларды мектеп ауласы мен жақын маңдағы ағаштарға орналастырды. Бұл бастама – табиғатқа жанашырлық танытудың, кішкентай тіршілік иелеріне қамқор болудың жарқын үлгісі. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды еріктілікке баулу, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Қоғамға пайдалы іс атқару арқылы жас буын адамгершілік, жанашырлық пен белсенді өмірлік ұстаным қалыптастырады.
Дүниежүзілік еріктілер күні – жақсылық жасауға, айналаға қамқор болуға үндейтін күн. Бұл мереке арқылы біз еріктіліктің мәнін тереңірек түсініп, мейірімділік пен ынтымақтың маңызын ұғына аламыз.
«Alan International School» ұжымы оқушылардың ерікті ретінде белсенділік танытуына қолдау білдіріп, оларды қоршаған ортаны аялауға, қайырымдылық пен ізгілікке баулуды басты назарда ұстайды.
