«ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ» КӨРМЕСІ » «Alan International School»
«ALAN International School»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:200240016788
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 222-67-77
Есепші бөлімі:
+7(701) 222-67-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
наурыз
2025

«ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ» КӨРМЕСІ

"ALAN International School" қабырғасында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Ұлттық мәдениет» көрмесі өтті. Іс-шараның басты мақсаты — жас ұрпаққа ұлттық мұраларымызды, соның ішінде ұлттық киімдердің тарихи маңызын, көркемдік ерекшеліктерін насихаттау. Көрме барысында оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар қазақтың дәстүрлі киім үлгілерін киіп, олардың әрқайсысының атқаратын рөлі, қолданылу аясы туралы мағлұматтармен бөлісті. Тақия, камзол, шапан, сәукеле, кимешек секілді ұлттық киімдердің көрінісі — халқымыздың көркемдік мәдениетінің, салт-дәстүрінің айқын бейнесі. Көрмеге қойылған экспонаттар оқушылардың қызығушылығын оятып, олардың ұлттық рухын арттыра түсті. Іс-шара рухани тәрбие мен эстетикалық талғамды қалыптастыруға зор үлес қосты.
 Ұлттық киімді кию — тек сән емес, бұл — тарих пен рухтың жалғасы.

https://www.instagram.com/alan_mektebi/reel/DHWqlHigXxM/







Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив