«МЕКТЕП ТЕАТРЫ» » «Alan International School»
«ALAN International School»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:200240016788
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 222-67-77
Есепші бөлімі:
+7(701) 222-67-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
қараша
2024

«МЕКТЕП ТЕАТРЫ»

   "ALAN International School" бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Мектеп театры» аясында күзгі тақырыпқа негізделген сахналық қойылымдар көрсетілді. Шараның мақсаты – оқушылардың сахналық өнерге деген қызығушылығын арттыру, көркем сөйлеу дағдыларын дамыту және күз мезгілінің тәрбиелік мәнін насихаттау. Көрермен қауым (мұғалімдер мен ата-аналар) алдында әр сынып күзгі ертегілер, танымдық көріністер, күлкілі миниатюралар мен поэзиялық композициялар ұсынды. Балалар өз рөлдерін аса шынайылықпен сомдап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Күздің молшылығы мен мейірімділігін арқау еткен қойылымдар арқылы оқушылар еңбек, отбасы, табиғат туралы құндылықтарды сахна тілімен жеткізді.

«Мектеп театры» – әр баланың бойындағы талантты ашатын, жүректерді жақындататын өнер алаңы.
 Іс-шарада өнер көрсеткен барлық оқушыларға және жетекшілеріне алғыс білдіреміз!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив