27
ақпан
2025
"ҚАЗЫНА ІЗДЕУШІ ПИРАТТАР" ОЙЫНЫ
Іс-шара басталмас бұрын оқушыларға ойынның мақсаты мен ережелері түсіндірілді. Әр командаға карта, алғашқы жұмбақ және тапсырмалар таратылды. Оқушылар командаларға бөлінді. Ойын бірнеше кезеңнен тұрды:
«Пираттың жұмбағы» – Командалар жұмбақты шешу арқылы келесі кезеңге өту жолын тапты.«Қазынаның картасын оқу» – Картада берілген бағыт бойынша оқушылар белгіленген орындарды тауып, онда жасырылған белгілер мен келесі тапсырмаларды іздеді.
«Теңіз дауылы» – Бұл кезеңде физикалық жаттығулар орындалды: арқан тарту, кедергілерден өту, топпен қозғалу. Оқушылар белсенділікпен қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.
«Жасырын сөздер» – Командаларға жеке сөздер таратылып, оларды біріктіріп мағыналы пираттық ұғымдар шығарды («қазына», «теңіз», «жұмбақ», «жүк» және т.б.).
«Географиялық викторина» – Командалар бір-біріне 10 географиялық сұрақ қойып, білімдерін сынады. Сұрақтар теңіздер, аралдар, материктер туралы болды.
Барлық тапсырмаларды сәтті орындап, қазынаға бірінші болып жеткен команда жеңімпаз деп танылды. Жеңімпаздарға және барлық қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Іс-шара соңында барлық оқушыларға алғыс айтылып, суретке түсу ұйымдастырылды.
«Қазына іздеуші пираттар» ойыны өте қызықты әрі мазмұнды өтті. Оқушылар белсенділікпен қатысып, командалық жұмыс, жылдамдық, логикалық ойлау және физикалық дайындықтарын көрсете алды. Мұндай ойындар оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтып, оқуға деген қызығушылығын арттырады.

