ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕ ҚАУІПСІЗДІК
«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасы аясында Alan International School мектебінде
«Цифрлық әлемде қауіпсіздік» IT дәріс 2024 жылдың желтоқсан айында 5-11 сыныптар арасында ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру және киберқауіптерден қорғанудың маңыздылығын түсіндіру болды. Сабақтарда интернеттегі жеке мәліметтердің қауіпсіздігі; әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану; кибербуллингтің алдын алу жолдары; онлайн ортада этикалық және жауапты әрекет ету; ақпараттық гигиена және фейк жаңалықтарды тану тәсілдері қарастырылды. Оқушылар интерактивті тапсырмалар орындап, пікірталастарға қатысып, нақты өмірлік жағдаяттарды талқылады. Бұл жоба оқушыларға тек теориялық білім беріп қана қоймай, олардың сандық технологиялармен қауіпсіз жұмыс істеу дағдыларын да қалыптастырды. Іс-шараға ата-аналар мен мұғалімдер де белсене атсалысып, оқушылардың цифрлық мәдениетін дамытуға өз үлестерін қосты.
"Alan International School" ұжымы үшін «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасы маңызды тәрбиелік мәнге ие болды. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады деп күтілуде.

https://www.instagram.com/reel/DFnX6Dqt7iE/?igsh=MXkwbTdnNWptbnNudw==