21
қаңтар
2025
20 МИНУТ КІТАП ОҚУДАН ЖАРЫС
Қаңтар айында бастауыш сынып оқушылары арасында “20 минут кітап оқудан жарыс” ұйымдастырылды. Кітап оқу оқушылардың зейінін, есте сақтауын жақсартып, сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Бұл – білім алудың маңызды құралы әрі жеке тұлғаның рухани дамуына жол ашады. Сонымен қатар, кітап оқу балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастырып, тілдік қорын байытады. Осы себепті мектептерде кітап оқуға ерекше көңіл бөліп, оқу мәдениетін дамыту маңызды. Кітапхана мен оқуға деген қызығушылықты арттыру шаралары арқылы оқушылардың оқу дағдылары жетіліп, олардың білім сапасы жоғарылайды.Балалар белгіленген уақыт ішінде үздіксіз кітап оқып, концентрация мен оқу дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.



