ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАБЫ КҮНІ
Бұл күн әйгілі ертегіші Ханс Кристиан Андерсеннің туған күніне орай атап өтіледі және балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, әдебиетке деген сүйіспеншілігін дамыту мақсатында белгіленген. «Alan International School» мектебінде бұл атаулы күнге арналған ерекше іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқушылар өздері оқыған сүйікті балалар кітаптары туралы әңгімелеп, үзінділер оқыды. Кітап кейіпкерлерін сомдап, шағын театрландырылған көріністер көрсетті. Мектеп кітапханасында балалар әдебиетіне арналған көрме ұйымдастырылып, қазақ және әлем әдебиетінің үздік үлгілері таныстырылды. Мұғалімдер мен кітапханашы балаларға кітап оқудың маңызы туралы түсіндіріп, оқуға мотивация беретін ойындар мен сұрақ-жауаптар жүргізді. Бұл күн оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, олардың әдеби ой-өрісін кеңейтуге үлкен ықпал етті.


